Теннис

«Қыздар Ұлттық құрамада екенін мақтан тұтады»

«Қыздар Ұлттық құрамада екенін мақтан тұтады»
news-banner7
mobile-news-top

Billie Jean King Cup кубогының плей-офф матчы қарсаңында Қазақстан құрамасының ойыншысы Анна Данилина аргентиналықтар туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Рыбакина бірінші рет Қазақстан құрамасында ойнайды. Қандай нәтиже күтесіз?

- Менің ойымша, Елена керемет ойыншы. Бұл командаға үлкен пайда әкеледі және барлық қыздар ұлттық құрамадағы алғашқы матчын тағатсыздана күтіп жүр. Ол Аргентинаға қарсы жақсы ойнайды деп сенемін.

- Аргентина құрамасы туралы не білесіз?

- Кейбір аргентиналық ойыншыларды танимын. Подороска - ұлттық құраманың бірінші нөмірі. Мен екі жыл бұрын Оңтүстік Америкадағы турнирде аргентиналықтарға қарсы ойнадым. Жалпы жақсы команда. Бұл біз үшін қиын сынақ болады, сондықтан текетірестің нәтижесін болжау қиын.

- Бұл команда туралы нақты не айтасыз?

- Мен Аргентина тәжірбиелі команда деп ойлаймын. Рейтингке қараудың қажеті жоқ. Біз әрбір жеке матчқа дайындаламыз.

- Сіз үшін Қазақстан құрамасында ойнау нені білдіреді?

- Басқа қыздар сияқты, мен де өз елім үшін ойнағанды ​​мақтан тұтамын. Мұндағы атмосфера жеке турнирлерге қарағанда өзгеше. Жылына бір рет болса да жоғары деңгейлі ойыншылармен жаттығуға үлкен мүмкіндік бар. Мұнда сіз өзіңіздің деңгейіңізді арттыра аласыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер