Қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин Ресей чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазанда 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден ширек финал өтті. Мусин алтыншы орын алды.

Енді жартылай финал бүгін 21:59-да басталады.

Еске салайық, биылғы Ресей чемпионатын FINA Токио Олимпиадасының іріктеу турнирі ретінде қосқан болатын.