Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин Ресей чемпионатының финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазан қаласында ерлер арасында 200 метр қашықтықта жартылай финалдық жарыс өтті. Баландин жартылай финалда бірінші болып қашықтықты 2:08.42-де бағындырды.

Еске салайық, қазіргі Ресей чемпионатын FINA Токиодағы Олимпиада ойындарының стандарттарына сәйкес келетін іріктеу турнирі ретінде бекіткен.