Әділбек Мусин жүзуден Ресей чемпионатының жартылай финалына шықты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин Ресей чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазанда 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден ширек финал өтті. Мусин алтыншы орын алды.
Енді жартылай финал бүгін 21:59-да басталады.
Еске салайық, биылғы Ресей чемпионатын FINA Токио Олимпиадасының іріктеу турнирі ретінде қосқан болатын.