Бахтиер Зайнутдинов жарақат алғанын растайтын құжатты көрсетті, деп жазады Prosports.kz.

Мәскеулік ЦСКА ойыншысы жарақатына байланысты Қазақстан құрамасының Францияға қарсы кездесуіне (0:2) қатыса алмады.

Бірақ кейбір жанкүйер оның шынайы жарақат алғанына күмәнмен қарап, әлеуметтік желіде өз ойларын айтқан.

Аталған сынға жауап ретінде Зайнутдионов инстаграм парақшасында жарақатының диагнозын жариялады. Әрі жарақаты жоқ болса, ұлттық құраманың матчына қатысуға ықыласы зор екенін жазды.