Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстанға қарсы ойын туралы өз ойын айтты:

– Біздің екі-үш голға артық соғуға мүмкіндіктеріміз болды. Бірақ Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы біздің шабуылдарымызға тосқауыл бола білді.

Қазақстан сапынан біреуді бөліп-жарып атағым келмейді. Дегенмен де, қақапашыларыңыз ерекше көзге түсті. Ол Мбаппенің пенальтиін қайтарды. Қарсыласымыздың қатарында жас ойыншылар жетерлік. Сол себепті де оларда бәрі алда деп ойлаймын.