Жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Қазақстан Ұлттық құрамасының жаттығуына қатысты.

Бірақ 28 жастағы Қазақстан Ұлттық құрамасының экс-капитаны алдағы ойындарға қатыса алмайды. Өйткені ол футболдан екі жылға шеттетілген болатын.

Айта кетейік, Талғат Байсуфинов шәкірттері 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын 28 наурыз күні сағат 19:00-де «Астана Аренада» өткізеді.