«Манчестер Юнайтед» бас бапкер Уле Гуннар Сульшермен келісімшартты жаңартады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Менеджмент команда бойынан прогресс байқап отыр. Клуб барлық турнирде жүлдесіз қалса да, «Манчестер Юнайтед» басшылары шешімді өзгертпейді.

Олар маманмен бірге ұзақ мерзімді жоспарлап отыр және норвегиялық азаматқа оның трансферлік мәселелерде маңызды рөл атқаратындығы туралы хабарлаған.