Франция құрамасының шабуылшысы Антуан Гризманн Қазақстанға қарсы матчқа қатысты пікір білдірді.

«Украинаға қарсы матчта қапталдан шабуылымыз өткір болмады. Шабуылшыларымыз қарсыластарын алдай алмады. Енді келесі матчта жеңуіміз қажет.

Қазақстанға қарсы матчқа дайындық барысында бәрін сараптап, ойынымызда нені жақсарту керегін анықтау қажет», — деді Гризманн France Football басылымына.

Айта кетейік, Қазақстан мен Франция құрамалары арасындағы матч 28 наурызда Нұр-Сұлтанда өтеді.