Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр. Назарларыңызға бесінші жарыс күнінің нәтижесін ұсынамыз.

87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Алматы қаласының өкілі Раушан Мешітханова (107+125) топ жарды. Одан 39 келі аз көтерген қызылордалық Динара Қыпшақбай (83+110) екінші орынға жайғасты. Ал Мира Ахметова (78+111) үздік үштікті қорытындылады.

87 келіден жоғары салмақ бойынша Айзада Мүптілдә (114+148) кезекті рет ел чемпионы атанды. Қарағанды облысының спортшысы Любовь Ковольчук (113+142) күміспен күптелсе, Айсамал Сансызбаева (109+144) қоланы қанжығасына байлады.

89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ерлер нәтижесі келесідей:

I орын: Макеев Михаил – 328 (145+183) II орын: Мейрам Сұлтан – 326 (145+181) III орын: Жақанша Арыстанбек – 313 (143+170).