Танымал қазақстандық зілтемірші Илья Ильин ауыр атлетикадан Азия чемпионы Айдар Қазовтың билік сыйлаған пәтерден айырылуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Өте масқара жағдай! Біздің спортшыларға деген көзқарасқа наразымын. Сонда қалай, чемпионның жас отбасы далада қала ма? Мұндай жағдайға тап болған басқа да спортшылар барын білемін. Тиісті мемлекеттік органдардан осы мәселені шешуді сұраймын», - деп жазды Ильин.