Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты: Бесінші жарыс күнінің нәтижесі
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызАуыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр. Назарларыңызға бесінші жарыс күнінің нәтижесін ұсынамыз.
87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Алматы қаласының өкілі Раушан Мешітханова (107+125) топ жарды. Одан 39 келі аз көтерген қызылордалық Динара Қыпшақбай (83+110) екінші орынға жайғасты. Ал Мира Ахметова (78+111) үздік үштікті қорытындылады.
87 келіден жоғары салмақ бойынша Айзада Мүптілдә (114+148) кезекті рет ел чемпионы атанды. Қарағанды облысының спортшысы Любовь Ковольчук (113+142) күміспен күптелсе, Айсамал Сансызбаева (109+144) қоланы қанжығасына байлады.
89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ерлер нәтижесі келесідей:
I орын: Макеев Михаил – 328 (145+183)
II орын: Мейрам Сұлтан – 326 (145+181)
III орын: Жақанша Арыстанбек – 313 (143+170).