7 наурыз, жексенбі күні Англия чемпионатының 27-тур матчында «Ливерпуль» «Фулхэмді» қабылдады. Минимал есеппен қонақ команда жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ливерпуль» соңғы жеті ойындағы алтыншы жеңілісіне ұшырады. Қазір мерсисайдтықтар турнир кестесінде 43 ұпаймен 7-орында тұр. Тур қорытындысы бойынша тағы бір саты төмен сырғуы мүмкін.

«Фулхэм» 26 ұпаймен 18-орынға жайғасқан.

АПЛ. 27-тур

«Ливерпуль» – «Фулхэм» – 0:1Гол: Лемина, 45 (0:1).