Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский өнер көрсететін «Беерсхот» сырт алаңда «Васланд-Беверен» командасымен кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Бельгия чемпионатының 28-туры аясында өткен кездесуде қазақстандық ойыншының командасы 1:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық қорғаушы кездесуді қосалқы құрамда бастап, 22-минутта алаңға шықты.

«Васланд-Беверен» (Беверен, Бельгия) – «Беерсхот» (Антверпен, Бельгия) – 1:2

Гол соққандар: Даан Хейманс 8 – Джорен Дом 34, Рафаэль Хольцхаузер 73