Испания чемпионатының 26-турында «Барселона» сырт алаңда «Осасунамен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Католондықтар сапынан Хорди Альба бірінші таймда, Илас Мориба екінші таймда гол соғып, командаға жеңіс сыйлады.

«Барселона» 56 ұпай жинап, көш басындағы мадридтік «Атлетикоға» екі ұпай қашықтыққа жақындады. Алайда, «матрасниктер» екі матч кем өткізген.

Бүгін турдың орталық ойынында «Атлетико» «Реал Мадридпен» кездеседі. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 21:15-те басталады.

Ла Лига. 26-тур

«Осасуна» (Памплона) - «Барселона» (Барселона) 0:2 (0:1)

Гол авторлары: 0:1 - Альба (30), 0:2 - Мориба (83)