Стивен Джеррад тізгіндейтін «Рейнджерс» мерзімінен бұрын Шотландия чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Басты бәсекелес «Селтик» «Данди Юнайтедпен» тең түсіп, «Рейнджерске» чемпиондықты сыйлады.

Шотландия премьер-лигасының 32 турынан кейін «Рейнджерс» 88 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Джеррард шәкірттері чемпионатта бірде-бір мәрте ұтылмады. Екінші орындағы «Селтик» 20 ұпайға қалып келеді.

«Рейнджерс» соңғы 10 жылда алғаш рет Шотландия чемпионатын жеңіп алды. Жалпы, Глазго клубы 55 рет чемпион атанған. Бұл көрсеткіш бойынша олар Шотландияда үздік. «Селтик» 51 рет ел біріншілігінде топ жарған.

Джеррард үшін бұл оның бапкерлік мансабындағы алғашқы трофей. «Ливерпульдің» бұрынғы капитаны «Рейнджерс» командасын 2018 жылдың маусымынан бастап баптайды.

Айта кетейік, ағылшын басылымдары «Ливерпульдің» қазіргі бас бапкері Юрген Клопп команданың нәтижесін түземесе орынынан кетеді деп сендіріп отыр. Мерсисайдтықтар тарихында алғаш рет ішкі біріншілікте өз алаңында қатарынан бес мәрте ұтылды. Былтырғы чемпиондар қазір АПЛ кестесінде жетінші орында келеді.