Алматыда MTK Global компаниясы ұйымдастырған кәсіпқой бокс кеші өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жектердің бірінде қазақстандық боксшылар Нұрбол Сұлтанбай (4-0, 1 КО) бен Нұржан Мақашбаев (0-1-2) кездесті.

Бірінші жартылай орта салмақтағы кездесу алты раундқа есептелген. Жеңісті төрешілер бірауыздан Нұржан Мақашбаевқа берді.