Алматыда MTK Global компаниясы ұйымдастырған кәсіпқой бокс кеші өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жектердің бірінде қазақстандық боксшылар Айдос Медет (4-0, 3 КО) мен Бекбосын Еркінұлы кездесті.

Бірінші жартылай орта салмақтағы кездесу алты раундқа есептелген. Жеңісті төрешілер бірауыздан Айдос Медетке берді.

Осылайша, Медет бесінше жеңісіне қол жеткізсе, Еркінұлы алғаш рет жеңілді.