Алматыда MTK Global компаниясы ұйымдастырған кәсіпқой бокс кеші өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жектердің бірінде қазақстандық боксшылар Рахат Сейітжан (3-0, 2 КО) мен Жанат Жақсылықов кездесті.

Бірінші жартылай орта салмақтағы кездесу алты раундқа есептелген. Үшінші раундта Сейітжан қарсыласын нокаутпен жеңді.

Осылайша, Сейітжан төртінші жеңісіне қол жеткізсе, Жақсылықов алғаш рет жеңілді.