Латвиялық баскетболшы «Астанамен» келісімшартын бұзды, деп хабарлайды Prosports.kz клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісімшарт екі тараптың келісімімен үзілген. «Астана» сапында Мейерс былтыр қыркүйектен бері ойнаған еді. Ол 21 матчқа қатысқан, оның 15-і ВТБ Бірегей лигасында, алтауы - Ұлттық лигада.

Сырт алаңда «Калевке», өз алаңында «НН-ге» қарсы өткен матчтарда Мартиньш үздік болған еді.