Халықаралық баскетбол федерациясының Азиядағы аймақтық кеңсесі 2021 жылғы Азия кубогына іріктеу турнирінің күнтізбесін бекітті.

Бахрейннің Манама қаласында өтетін турнирдің жарыс кестесі төмендегідей:

18 ақпан – 19:00. Шри-Ланка – Қазақстан 19 ақпан – 19:00. Палестина – Қазақстан21 ақпан – 22:00. Иордания – Қазақстан 22 ақпан – 14:00. Қазақстан – Шри-Ланка

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 21-24 ақпаны аралғында Қазақстан ұлттық командасы іріктеу кезеңі аясында екі матч өткізді. Оның бірінде Палестинадан басым түссе, екіншісінде Иорданиядан жеңіліс тапты.