Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) Азиядағы аймақтық кеңсесі 2021 жылғы баскетболдан Азия кубогы үшін іріктеу турнирінің ақтық матчтарының басталу уақытын бекітті.

Бекітілген кестеге сәйкес CIVId-19 пандемиясына байланысты 2020 жылы "F" тобы командаларының кейінге шегерілген ойындары өтеді. Аталған матч аясында Қазақстан құрамасы да Бахрейн астанасы Манамада бақ сынайды.

18 ақпан - 19:00: Шри-Ланка vs Қазақстан

19 ақпан - 19:00: Палестина vs Қазақстан

21 ақпан - 22:00: Иордания vs Қазақстан

22 ақпан - 14:00: Қазақстан vs Шри-Ланка