«Астана» баскетбол клубы ВТБ Біріккен Лигасының матчында Мәскеу облысының «Химки» командасын 77:82 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы екі периодта елордалық баскетболшылар 27:47 есебімен ойсыра ұтылды.

Матчтың қалған бөлімінде «Астана» қонақтардан басым түскенімен, ойын тағдырын өзгерте алмады. Қорытынды есеп - 77:82.

ВТБ Біріккен лигасы

«Астана» - «Химки» - 77:82

1 наурызда қазақстандық команда «Калевпен» кездеседі.