Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) 2020 жылғы Бейжің Олимпиадасы қарсаңындағы бақылау жарыстарының тізімін жариялады, деп жазады Olympic.kz.
2020/21 жылғы маусымға жоспарланған бақылау жарыстарының барлығы да коронавирус індетіне байланысты кейінге шегерілген болатын.
Мәнерлеп сырғанаудан Asian Open бақылау жарысы 13-17 қазан аралығында өтеді.
Сондай-ақ, 8-10 ақпан күндері Бейжіңде конькимен жүгіруден халықаралық турнир, 21-24 қазанда шорт-тректен әлем кубогі аясындағы бақылау жарысы ұйымдастырылады.
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпаны аралығына жоспарланған.
Комментарии