Қазақстандық Роман Креч Хиренвинде (Нидерланды) өтіп жатқан конькимен жүгіру бойынша әлем кубогында 500 метрлік жарыста 18-ші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы 35,516 секунд нәтиже көрсетті. Жеңімпаз голландиялық Рональд Малдер болды.

500 м

1. Роналд Мулдер (Нидерланды) — 34,555

2. Хейн Оттерспер (Нидерланды) — 34,590

3. Лоран Дюбрей (Канада) — 34,594

...18. Роман Креч (Қазақстан) - 35,516