Бейжің-2022. Asian Open турнирі Олимпиадаға бақылау жарысының қатарына енді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызХалықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) 2020 жылғы Бейжің Олимпиадасы қарсаңындағы бақылау жарыстарының тізімін жариялады, деп жазады Olympic.kz.
2020/21 жылғы маусымға жоспарланған бақылау жарыстарының барлығы да коронавирус індетіне байланысты кейінге шегерілген болатын.
Мәнерлеп сырғанаудан Asian Open бақылау жарысы 13-17 қазан аралығында өтеді.
Сондай-ақ, 8-10 ақпан күндері Бейжіңде конькимен жүгіруден халықаралық турнир, 21-24 қазанда шорт-тректен әлем кубогі аясындағы бақылау жарысы ұйымдастырылады.
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпаны аралығына жоспарланған.