«Бейбарыс» командасының Қазақстан Кубогы 2021 матчына келмеуіне байланысты командаға 0:5 есеппен техникалық жеңіліс есептелді.
«Алматы» командасына 3 жеңіс ұпайы беріледі. Атыраулық команда Қазақстан хоккей федерациясының шешімімен келіспейді. «Бейбарыс» «Сарыарқаға» қарсы матчтағы төрешілердің қызметіне көңілі толмайтынын мәлімдеген.
Егер «Бейбарыс» Қазақстан Кубогына қатысудан бас тартса Қазақстан хоккей федерациясы команданы 5 жылға турнирден шеттетуі мүмкін.
Комментарии