Бүгін «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы матчында уфалық «Салават Юлаевты» қабылдайды.

«Барыстың» матчта шығатын құрамы:

Карлссон (Каратаев);Маклюков — Диц, Панюков — Вароне — ВиделльОрехов — Блэкер, Михайлис — Волк — ЛильяХетерингтон — Шалапов, Старченко — Гурков — ПетуховМусоров, Акользин — Сагадеев — Шевченко.

Қазіргі уақытта «Барыс» 59 ұпаймен Шығыс конференциясында сегізінші орында, ал «Салават Юлаев» 67 ұпаймен төртінші орында тұр.

Командалар осы маусымда бір-бірімен үш рет ойнады, екі рет уфалық командас жеңді, бір матчта елордалықтар басым түсті.

«Барыс» - «Салават Юлаев» матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады. Тікелей эфир Qazsport телеарнасында қол жетімді.