Бүгін «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы матчында уфалық «Салават Юлаевты» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі уақытта «Барыс» 59 ұпаймен Шығыс конференциясында сегізінші орында, ал «Салават Юлаев» 67 ұпаймен төртінші орында тұр.

Командалар осы маусымда бір-бірімен үш рет ойнады, екі рет уфалық командас жеңді, бір матчта елордалықтар басым түсті.

«Барыс» - «Салават Юлаев» матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады. Тікелей эфир Qazsport телеарнасында қол жетімді.