WBC жастар титулының иесі қазақстандық Садриддин Ахмедов Стивен Даньоға қарсы титулдық жекпе-жек алдында міндетті салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық таразыда 69,7 келіні көрсетті, Даньоның салмағы - 69,6.

Жекпе-жек Қазақстан уақытымен 30 қаңтарда таңертең Мексиканың Куернавака қаласында өтетін бокс кеші аясында өтеді. Орта салмақтағы үш титул: WBA Continental, NABF және WBC Francophone бәске тігілген.

Садриддин Ахмедов бір жылдан астам уақыт рингке шықпады. Ол соңғы рет 2019 жылдың желтоқсанында Канадада аргентиналық Хосе Антонио Виллалобосты жеңген кезде жекпе-жек өткізді.