27 ақпанда Алматыда MTK Fight Night кәсіпқой бокс кеші өтеді. Басты жекпе-жекте Қамшыбек Қоңқабаев пен Жәнібек Әлімханұлы жұдырықтасады деп күтілуде.

Осыған байланысты Жәнібек Әлімханұлының командасы мәлімдеме жасады:

- Жанкүйерлер! Америкада шоулар өте аз өткізіліп жатыр. Оны білесіздер. Ковид өршіп тұр мұнда. Соған байланысты бізді жекпе-жексіз қалмасын деп Топ ренк Алматыда жұдырықтасуды ұсынды.

Қазір Топ ренктен сол жекпе-жекке үшін ресми келісімшартты күтудеміз. Айтпақшы ешқандай басқа компаниямен келісімшарт жасасқан жоқпыз. Команда сол баяғы. Сол баяғы Топ ренк.

Біздің командадан ресми жаңалық күтіңіздер, - делінген мәлімдемеде.