Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев алдағы жекпе-жегіне байланысты мәлімдеме жасады.

- Бұйырса ақпан айының 27-ші жұлдызы кәсіпқой мансабымдағы 3-ші жекпе-жегімді өткізетін боламын. Бокс жанкүйерлері үшін керемет кеш болатынына сенемін.

Алла қаласа, елімізді жарқын жеңіспен қуанту үшін аянып қалмаймыз. Батырларымызға қолдау білдіріп, сәттілік тілеп қойыңыздар, - деп жазды боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, 27 ақпанда Алматыда бокс кеші өтеді.