Қамшыбек Қоңқабаев жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев алдағы жекпе-жегіне байланысты мәлімдеме жасады.
- Бұйырса ақпан айының 27-ші жұлдызы кәсіпқой мансабымдағы 3-ші жекпе-жегімді өткізетін боламын. Бокс жанкүйерлері үшін керемет кеш болатынына сенемін.
Алла қаласа, елімізді жарқын жеңіспен қуанту үшін аянып қалмаймыз. Батырларымызға қолдау білдіріп, сәттілік тілеп қойыңыздар, - деп жазды боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, 27 ақпанда Алматыда бокс кеші өтеді.