ТАСС басылымының тілшісі Игорь Лазорин ресейлік файтер, этникалық қазақ Дамир Исмагуловтың келесі жекпе-жегі шамамен қашан өтетінін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Ол бұл туралы инстаграм желісіндегі «story» бөлімінде хабарлады.

«Дамир Исмагулов UFC-дегі кезекті кездесуін наурыз-сәуір айларында өткізуді жоспарлап отыр. Жарақатына байланысты Исмагулов 2019 жылдың тамыз айынан бері жекпе-жек өткізген жоқ», - деп жазды Лазорин.

Айта кетейік, жеңіл салмақта бұрынғы М-1 чемпионы Дамир Исмагулов UFC туы астында 2018 жылдың желтоқсан айынан бері өнер көрсетіп келеді. MMA әлемдегі жетекші лигада ол үш жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Соңғы кездесуінде ол 2019 жылы 31 тамызда Шэньчжэньде бразилиялық Тиаго Мойзеді төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

Octagon 15 турнирі 27 қаңтарда Алматыда өтеді

«Бізді қиын кезеңдер күтіп тұр». Хамитов тағы да даулы мәлімдеме жасады

UFC: «Сарбаздар аралындағы» турнирлерге көрермендер кіре алады