Сербиялық қорғаушы Урош Радакович «Астана» футбол клубынан кетті.

Бұл туралы отандық басылымдар хабарлады.

27 жастағы ойыншы елордалық клубқа 6 айға жалға берілген. Ол енді өзінің бұрынғы командасына оралады.

Айта кетейік, ол «Астана» сапында 14 матч өткізіп, 2 рет ескерту алды.