«Астананың» сербиялық қорғаушысы Урош Радакович командадан кетті. Бұл туралы KazFootball.kz сайт хабарлады.

Футболшының жарты жылға жасалған келісімшартының мерзімі аяқталған. Ол прагалық «Спартаға» оралады.

Айта кетейік, бұған дейін «Астанадан» Беларусь футболшысы Иван Маевский кеткен еді.