Шымкенттік «Ордабасы» 24 жастағы ресейлік шабуылшы Артём Архиповты өз сапында көргісі келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Архипов Солигорскінің «Шахтерінде» жалда ойнады, енді «Тамбовқа» оралады. Шымкенттіктердің қызығушылығына қарамастан, ресейлік клуб шабуылшыны өз қатарында қалдырғысы келеді.

Беларусь чемпионатының соңғы маусымында Артем Архипов 14 матч өткізіп, 7 гол соқты.