АСА лигасы файтерлердің рейтингісін жаңартты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы лиганың ресми порталы хабарлады.

Жаңартылған рейтингте жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Евгений Егембердиев (12-3) бір қатарға көтеріліп, 3-орынға жайғасты. Ол 13 желтоқсанда өткен ACA 115 турнирінде бұрынғы UFC спортшысы Люк Барнатты (15-10) бірінші раундта нокаутқа жіберген болатын.

Бірақ Асылжан Бақытжанұлы (11-3) керісінше, 3-орыннан 4-орынға төмендеді. 20 қыркүйекте өткен ACA 111 турнирінде ол ресейлік Алексей Буториннен жеңіліп қалды.

Ал Артем Резников жеңіл салмақта жалғасты көшбасшы орынды сақтап тұр. Жерлесіміз қыркүйекте өтен ACA 111 турнирінде бұрынғы ACB чемпионы Юсуф Раисовты жеңген болатын.

Порье - Макгрегор жекпе-жегі титулды бола ма

Конор МакГрегор UFC-дің 2020 жылдағы ақылы сатылым рекордын орнатты