Boxingscene журналисі Лайл Фицсиммонс қазақстандық боксшы Геннадий «GGG» Головкиннің (41-1-1, 36 КО) поляк Камил Шереметамен жекпе-жегі үшін қанша қаржы алғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Фицсиммонстың айтуынша, Головкин 7 миллион доллар тапқан.

Бір күннен кейін Каллум Смитті жеңген Сауль «Канело» Альварес 20 миллион доллар гонорар алды.

Еске салайық, 19 желтоқсан күні Головкин Шереметаны жеңді. Жекпе-жек барысында GGG қарсыласын төрт мәрте нокдаунға жіберді. Жетінші раундтан кейін Камилдың командасы шайқасты жалғастырудан бас тартты.

GGG жеңіспен оралды, Ахмедов өз тактикасынан «таяқ жеді»

Головкин жоқ. «Канелоның» бапкері келесі қарсыластарын атады