Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ​ Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековті «Дене шынықтыру және спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Кеңес Төрайымы Валентина Матвиенко атынан марапатты ҚР Парламенті Сенаты аппаратының жетекшісі Рақышева Әлия Ғалымжанқызы тапсырды.

Анықтама: Аталған Кеңес Парламентаралық Ассамблея қызметін ұйымдастырады. 2011 жылдың 9 қарашасында Кеңес төрайымы болып Валентина Матвиенко тағайындалды.