Сеул Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем, Еуропа чемпионы, КСРО-ның жеті дүркін жеңімпазы Дәулет Тұрлыханов Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Франция - Қазақстан матчына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жақында Youtube арнасынан қыздар арасындағы Франция - Қазақстан матчын көрдім. Ақиқаты сол, қазақ футболында жетіспейтін нәрсе - тәртіп. Сол ойында боқтық сөзден басқа ештеңе естімедік, көрмедік. Бұл спортшыға жараспайтын қылық. Бұған қандай да бір шара қолдану керек. Ұлттық құраманың намысын қорғайсың ба, онда жағымсыз қылық емес, жағымды ойын көрсетуің керек. Мәселен біздің грек-рим саласында мұндай оспадар дүниені кездестірмейсіз. Себебі темірдей тәртіп бар, балуандарда мықты принцип бар», деді даңқты балуан өз сөзінде.

Айта кетелік, Франция құрамасы Қазақстан командасын 12:0 есебімен жеңген еді. Осы ойында қазақстандық қақпашы бірнеше рет былапыт сөз айтты.