11 желтоқсан күні грек-рим күресінен Сеул Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем, Еуропа чемпионы, КСРО-ның жеті дүркін жеңімпазы Дәулет Тұрлыханов Жезқазған және Сәтбаев қалалары жастарымен ZOOM платформасында онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарағанды облыстық ДШжС басқармасының басшысы Темірхан Серікбайұлы Абылаев жетекшілік еткен жиынға Ә.Молдағұлова атындағы спортқа бейінді, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-нтернат-колледжінің директоры, Қазақстанның Жауынгерлік өнер қауымдастығы Қарағанды облыстық филиалының басшысы Ерден Балтабайұлы Халилин де қатысты.

Іс-шара барысында өңір жастары даңқты балуанға сұрақтарын жаудырды. Дәулет Болатұлы балалық шағынан бастап, қазіргі кезіне дейінгі өмірін аса байыппен жеткізіп, жастарға тағылымды әңгіме айтты.

Дәулет Тұрлыханов екі сағатқа созылған жиынды ұйымдастырушыларға сөз соңында алғысын білдірді.