Футболдан Қазақстан чемпионаты аяқталғанына қарамастан «Ордабасы» клубында жаттықтырушылар штабының болашағын әлі шеше алмай жатыр. Бұл жайында Prosports.kz Шымкент әкімі Мұрайт Әйтенов пен бас бапкердің көмекшісі Георги Чихрадзеден сұрады.

– Келісімшарт мерзімі 30 қарашаға дейін жасалған. Ол бітті. Біз кететінімізді білдік. Өйткені бізбен ешкім келісімшартты созу, тіпті, жұмыстың аяғына жеткені туралы сөйлеспеді. Келісімшарт мерзімі аяқталған соң үйімізге қайтып кеттік

, – деп түсіндерді Чихрадзе.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов болса клубтың келер жылғы бюджетін қысқартып, команданың болашағын талқылау үшін жиналыс өткізетінін айтты.

– Цхададзе орнында қала ма? Сүйікті командамыздан үлкен жетістік күттік, өкінішке қарай бесінші орын алдық. Дәл қазір сізге ештеңені нақты айта алмаймын. Маусымды қорытындылайтын жиналыс өткізіп, неге бұлай болғанын талқылаймыз

, – деді Әйтенов.

«Ордабасы» Премьер-лигадағы қаржысы көп командалардың қатарында болғанына қарамастан маусым қорытындысы бойынша жүлдеге іліне алмай, тіпті, еурододаның жолдамасынан қағылып қалды.