Цхададзенің «Ордабасыдағы» тағдыры әлі шешілген жоқ
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызФутболдан Қазақстан чемпионаты аяқталғанына қарамастан «Ордабасы» клубында жаттықтырушылар штабының болашағын әлі шеше алмай жатыр. Бұл жайында Prosports.kz Шымкент әкімі Мұрайт Әйтенов пен бас бапкердің көмекшісі Георги Чихрадзеден сұрады.
– Келісімшарт мерзімі 30 қарашаға дейін жасалған. Ол бітті. Біз кететінімізді білдік. Өйткені бізбен ешкім келісімшартты созу, тіпті, жұмыстың аяғына жеткені туралы сөйлеспеді. Келісімшарт мерзімі аяқталған соң үйімізге қайтып кеттік
, – деп түсіндерді Чихрадзе.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов болса клубтың келер жылғы бюджетін қысқартып, команданың болашағын талқылау үшін жиналыс өткізетінін айтты.
– Цхададзе орнында қала ма? Сүйікті командамыздан үлкен жетістік күттік, өкінішке қарай бесінші орын алдық. Дәл қазір сізге ештеңені нақты айта алмаймын. Маусымды қорытындылайтын жиналыс өткізіп, неге бұлай болғанын талқылаймыз
, – деді Әйтенов.
«Ордабасы» Премьер-лигадағы қаржысы көп командалардың қатарында болғанына қарамастан маусым қорытындысы бойынша жүлдеге іліне алмай, тіпті, еурододаның жолдамасынан қағылып қалды.