Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский өнер көрсететін «Беерсхот» өз алаңында «Эйпен» командасын қабылдады, деп жазады Prosports.kz.

Бельгия чемпионатының 15-туры аясында өткен кездесуде қазақстандық ойыншының командасы 0:1 есебімен жеңілді.

Қазақстандық қорғаушы алғашқы минуттардан бастап алаңға шықты, бірақ бірінші таймнан кейін ауыстырылды.