Ресей премьер-лигасы «Химки» бапкері Игорь Черевченконы қараша айындағы үздік бапкер деп таныды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Браво, бапкер! Игорь Черевченко - РПЛ-дың қарашадағы үздігі. «Химкидің» бас бапкерін жанкүйерлер, Ресей премьер-лигасының және Match Premier арнасының сарапшылары бірауыздан таңдады», деп жазады клуб.Еске сала кетелік, Қазақстан құрамасының ойыншысы Исламбек Қуат «Химкиде» ойнайды. Ол Ресей чемпионатының осы маусымында командасының құрамында бес кездесу өткізді.