Туриндік «Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду өз мансабында 750 гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Португалиялық жұлдыз кеше Чемпиондар лигасында Киевтің «Динамосымен» өткен матчта мерейтойлы 750-голды қақпаға тоғытты.
Сонымен үздік сұрмерген қай командада қанша гол соқты? Төмендегі статистикаға көз жүгіртейік:
«Реал» сапында 450 гол
«Манчестер Юнайтедте» - 118
«Ювентусте» - 75
«Спортингте» 5 рет қанжығасы майланды.
Одан бөлек Португалия құрамасында Роналду тағы 102 гол соқты.
Комментарии