«Барселона» футбол клубының қорғаушысы Серджи Роберто коронавирус жұқтырды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы каталониялық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Оған жақында жүргізілген COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Бірақ жағдайы жақсы, ауыру белгілері жоқ.

Айта кетейік, Роберте Испания Ла лигасы аясындағы «Атлетикоға» қарсы ойында жарақат алып, қатардан екі айға шығып қалған болатын.