Бокстан әлем чемпионаты мен Азия ойындарының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл Қазақстан біріншілігінің жартылай финалына өтті.

- Қазақстан чемпионаты қарсаңындағы үзіліс маған ұзаққа созылды. Жарақатыма байланысты бір жыл демалған едім, кейін індетке байланысты үйде отырдық. Сондықтан, чемпионатқа толық күшпен келдік. Карантин алғашында қиын соққанымен, кейін бой үйрете бастадық. Таза ауада, далада жаттығу жүргіздік. Ал бүгінгі қарсыласым өте мықты боксшылар санатынан. Болашағы бар боксшы деп білемін. Менің салмағымда үздік боксшылар көп. Солардың бірі - Ерік Әлжанов. Шын мықтыны шаршы алаң көрсетеді деп ойлаймын, - дейді Әбілхан.

Бокстан Қазақстан чемпионатына қатысты жаңалықтарды мына сілтемеден оқи аласыздар.