Голливудтағы (Флорида, АҚШ) Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында Matchroom Boxing ұйымдастырған бокс кеші өтіп жатыр, деп жазады, деп жазады Prosports. kz.

Бұл кештің негізгі жекпе-жегінде қазақстандық Данияр Елеусінов IBF Inter-Continental титулы үшін намибиялық боксшы Джулиус Индонгомен жұдырықтасты. Жартылай орта салмақтағы кездесу он раундқа есептелген.

Қос қарсыластың да атағынан ат үркеді. Елеусінов Олимпиада чемпионы болса, Индонгоның бірініш орта салмақта WBA, IBF және IBO нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы деген атағы бар.

Осындай атақты боксшылардың он раундқа жоспарланған жекпе-жегі екінші раундта-ақ аяқталды. Елеусінов қарсыласын бірінші раундта бір мәрте нокдаунға түсірген. Екінші раундта қарсыласын тағы бір мәрте сұлатып салды. Осылайша, Данияр Елеусінов техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Сөйтіп, Данияр кәсіпқой бокстағы 10-жеңісіне қол жеткізіп, IBF Inter-Continental бебеуін жеңіп алды. Әрі мансабындағы ең атқаты қарсыласты жеңіп, өз салмағындағы танымал боксшыларымен жекпе-жек өтізуге дайын екенін дәлелдеді.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыластары, америкалық боксшылар Дэниэл Джейкобс (36-3, 30 КО) пен Габриэля Росадо (25-12-1, 14 КО) кездеседі.

Головкин Данияр Елеусінов өнер көрсететін бокс кешіне келді